Абай қаласына гепатитке қарсы вакцинаның қосымша 1000 дозасы жеткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абай қаласына гепатитке қарсы вакцинаның қосымша 1000 дозасы жеткізіледі

Абай қаласына гепатитке қарсы вакцинаның қосымша 1000 дозасы жеткізіледі

Қарағанды облысының Абай қаласына гепатитке қарсы вакцинаның қосымша 1000 дозасы жеткізіледі. 18-қазан, дүйсенбіде эпидемияға қарсы төтенше комиссияның отырысында осындай шешім қабылданды.

  • 19 Қазан 2004
  • 580
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгінде Абайда 2-7 жас аралығындағы балаларға гепатиттің «А» түріне қарсы вакцина егу шарасы жүзеге асырылуда. Қарағанды облыстық бюджетінен вакцина егу шарасына 9,5 млн. теңге бөлінді. Бұған дейін бұл қаржыға екі сатылы вакцина егу шарасына арнап 3,5 мың доза сатып алынады деп жоспарланған. Алайда, ахуалдың тұрақтанбауына байланысты бұл қаржының біраз бөлігін алғашқы сатылы екпе шаралары үшін вакцинаның қосымша 1000 дозасын сатып алуға шешім қабылданды. Вакцина егу шарасының екінші кезеңін жүзеге асыру үшін облыстық әкімшілік қызметкерлері 2005-жылғы бюджеттен қосымша қаржы бөлуге кепілдік беріп отыр.

Мемлекеттік эпидқадағалау қызметінің облыстық департаментінің бөлім меңгерушісі Валентина Бухенконың айтуынша, вакцинаның қосымша дозасы екпе кабинеттеріне бөлініп, ересектер емес, тек балаларға ғана арналады.
Мемлекеттік эпидқадағалау қызметінің хабарламасына сәйкес, Абай қаласындағы гепатитке қатыс ахуал тұрақтанбай отыр. Эпидемияға қарсы төтенше комиссияның мәліметіне жүгінсек, бүгінде қалада гепатиттің «А» түрімен ауырған 536 адам тіркелген. Ал бейресми мәліметтерге қарасақ, Абай қалалық орталық ауруханасында жатқан науқастар саны 800-ден асты.

Перейти к новостям спорта