Абай қаласындағы сары ауруға шалдыққандар саны 173 адамға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абай қаласындағы сары ауруға шалдыққандар саны 173 адамға жетті

Абай қаласындағы сары ауруға шалдыққандар саны 173 адамға жетті

Қарағанды облысы Абай қаласында сары аурудың өршу ахуалы әлі де тұрақтанбай отыр. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Людмила Аликованың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, қазіргі жағдаймен науқастар саны 173 адамға жетті.

  • 15 Қыркүйек 2004
  • 435
Фото - Caravan.kz

Л.Аликова Абайда аурудың белең алуына әбден шіріп, тозығы жеткен құбырлар арқылы жіберілген ауыз су себепкер деген бұған дейінгі жорамалды растады.

14-қыркүйек, сейсенбіде Абай қаласында эпидемияға қарсы комиссия, штаб, ҚР мемлекеттік санэпид қадағалау қызметі комитетінің өкілдері, денсаулық сақтау министрлігі мен облыстық әкімшілік өкілдерінің бірлескен жиналысы болды. Онда қалыптасқан ахуалды реттеу жолдары талқыланды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сары аурудың белең алуына байланысты Абайда №14 мектеп карантинге жабылған. №10 және №1 мектептерде екі сынып таратылды. Эпидемияға қарсы төтенше комиссия мүшелерінің айтуынша, мұндай шара сыныпта үштен артық бала ауырған жағдайда қабылданып отыр.

Перейти к новостям спорта