Департаменттегілердің айтуынша, 25-қазан, дүйсенбіде Абай қаласында жұқпалы ауру етек алғаннан бері алғаш рет вирусты гепатит жұқтыруға қатысты жаңа оқиға тіркелген жоқ. Ахуалдың бұлайша түзелуіне қалаға тәулік бойы жеткілікті көлемде су жіберіле бастауы түрткі болды. Сондай-ақ, жылыту маусымы басталып, ыстық судың жіберілуі де өзіндік ықпалын тигізді дейді мамандар.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Абай қаласында гепатит дертінің өршуі салдарынан барлығы 600 адам індет жұқтырған. Қазіргі жағдаймен қала тұрғындары арасында гепатитке қарсы жаппай вакцина егу шарасының бірінші кезеңі жүзеге асырылды. 2-10 жас аралығындағы 4,5 мың бала бұл шараға қамтылды.