"Абай" шахтасындағы жарылыс оқиғасы бойынша қылмыстық істі тергеу уақытша тоқтатылды - прокуратура - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Абай" шахтасындағы жарылыс оқиғасы бойынша қылмыстық істі тергеу уақытша тоқтатылды - прокуратура

"Абай" шахтасындағы жарылыс оқиғасы бойынша қылмыстық істі тергеу уақытша тоқтатылды - прокуратура

Қарағанды. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "Абай" шахтасындағы жарылыс оқиғасы бойынша қылмыстық істі тергеу уақытша тоқтатылды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Мамыр 2008
  • 455
Фото - Caravan.kz

«Уақытша тоқтату өрттік — жарылыстық — техникалық сараптама жүргізумен байланысты және тек сараптама нәтижелері алынғаннан кейін ғана қайта жалғасын таппақ», — деп хабарлады прокуратураның баспасөз хатшысы Нұрбек Құзбақов.

Қылмыстық іске тергеу жүргізілгелі 4 ай болды. естеріңізге сала кетсек, 11 қаңтарда «Арселор Миттал Теміртау» АҚ тиесілі «Абай» шахтасында жарылыс болып, нәтижесінде 30 адам қайтыс болып, 12 адам әртүрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті