Абайға арашашы болған қыз - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абайға арашашы болған қыз

Абайға арашашы болған қыз

Жақында қытайдағы қандастарымыздың «Сен – қазақ» сайтында осындай тақырыппен шағын мақала жарияланыпты. Қазақстандағы қытай банкі қызметкерлері өткізген мерекелік шарадағы бір оқиғаны баян еткен Салтанат Қажыкенқызы деген жазарманның мақаласы былай өріледі:

  • 6 Қараша 2012
  • 435
Фото - Caravan.kz

«Жаңа жыл қарсаңы екен. Қазақстандағы қытай банк қызметкерлері де мерекені дүрілдетіп өткізіп жатыпты. Бір кезде ойынның түр-түрі басталады. Бөлмесінде ілулі тұрған Абай атаның бейнесі тоқылған шағын кілемшені қытайлық асаба жерге төсейді.

Содан ұзындыққа секіру басталады. Ырду-дырду, арсыз күлкі, жаппай көңіл көтеру әбден қызады. Қытайлар мен орыс тілді ойыншыл қыздар кілемшеден жалаңаяқтанып алып, ортекеше орғиды. Қытайлар қарқылдап, абыздың басы бейнеленген суреттен кезектесе қарғып жатады. Сол сәт қытайдан келген оралман қыз Гүлнұр Тұмарбекқызының ашу келіп, қаны қайнайды. Ол мұндай сұмдыққа куә болам деп еш уақытта ойламаған болар. Қадірі артық қазақ жерінде хакім Абайдың бейнесі кім көрінгеннің аяқ астында тапталуына жаны шыдап тұра алмапты. Ол жалма-жан кілемді жерден жұлып алады.

«Таста қолыңдағыны! Бұл-ойын. Әйтпесе жұмыстан қуыласың!..» деген секілді қоқан-лоққыға қарамастан, қаршадай қыз кілемшені шиыршықтап орап, үйіне алып кетіпті!

Біз үшін оқиғаның қалай аяқталғаны емес, Гүлнұрдай қыздардың ұлтжандылығы, намысқойлығы маңызды. Ал, кімнің арбасына отырса, соның “әләуләйін” айтып, ақшаға құл болып жүргендер қаншама?».

Мақала осылай аяқталады. Азғын ұрпақ түк Абайдың да «басынан» секіріп ойнайқатайды екен-ау деп отырмыз міне. Олар тіпті Гүлнұрдай қызды «ойынды да түсінбей, өзгелердің қызығына кедергі жасаған, қараңғы, ауылбай» санап кекете қарайтынына шүбәм жоқ. Олар өз әкесінің басынан аттап кетуді де ар көрмейді. Бұған да көзім жетті. Жалпы дінінен, тілінен, салт-сана, дәстүрінен ада болған адам осындай дертке ұшырайды екен. Оған не дауа?

Оңғарбек Нұрғали
«Namys.kz»

Соңғы жаңалықтар