Абайсызда адам өлтірген кадет корпусының экс-мұғалімі 2 жылға шартты түрде сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абайсызда адам өлтірген кадет корпусының экс-мұғалімі 2 жылға шартты түрде сотталды

Абайсызда адам өлтірген кадет корпусының экс-мұғалімі 2 жылға шартты түрде сотталды

Абайсызда өзінің әріптесін атып алған, Ақмола облысындағы Шортанды қаласында орналасқан ҚР қорғаныс министрлігінің Ш. Уәлиханов атындағы кадет корпусының экс-мұғалімі Виталий Кришталь 2 жылға бас бостандығынан шартты түрде айрылды, деп агенттікке Ақмола гарнизонынан сәрсенбі күні хабарлады.

  • 28 Шiлде 2011
  • 763
Фото - Caravan.kz

Сонымен қатар «сотталғанға қатысты ҚР ҚК 63 бабын (шартты түрде соттау) қолдана отырып, сот жазаны шартты түрде деп белгіледі. Сотталғанның тәртібіне бақылау міндеті кадет корпусының командованиесіне жүктелді», — деп телефон арқылы ведомство басшысы Гүлмира Нұрмұхамбетова мәлім етті.

Еске салсақ, кадет корпусындағы қайғылы оқиға ағымдағы жылы 20 мамырда орын алған. В. Кришталя қаруды тапсырып жатып, тапанша ішінде оқ қалғанын тексермей, абайсызда, шүріппені басып қалып, өзінің әріптесін атып жіберген.

Соңғы жаңалықтар