Абайсызда баланы атқан ақтөбелік 1 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абайсызда баланы атқан ақтөбелік 1 жылға сотталды

Абайсызда баланы атқан ақтөбелік 1 жылға сотталды

Ойыл аудандық сотында Қазақстан Республикасының  ҚК-нің 104-бабының 1-бөлімі бойынша

  • 30 Қазан 2015
  • 329
Фото - Caravan.kz

абайсызда кәмелетке толмаған баланы өлтіріп алған сотталушы Ж. қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотынан.

Іс материалдарына сәйкес, 2015 жылғы 15 шілдеде  Ақтөбе облысы Қобда ауданының Сарыбұлақ ауылында сотталушы Ж. еш жерде тіркелмеген, 12 калибрлі  «ИЖ-27Е» маркалы аңшы мылтығын құс ату үшін далаға алып шықты. Оны оқтап, үй жанындағы орындыққа отырды. Қаруды оң қолында ұстаған.  Кенеттен қасына келген итті оң қолының шынтағымен ұрып жіберемін дегенде оң қолының сұқ саусағы абайсызда оқтаулы мылтықтың шүріппесіне тиіп кетті.  Мылтық атылып, оқ қарсы жерде отырған кәмелетке толмаған Д. басына тиіп, ол алынған жарақаттардан көз жұмды.

Осылайша, қаруды абайсыз пайдалану адам өліміне әкелді. 


Соңғы жаңалықтар