Абайсызда офицерді атып өлтірген кадет корпусының мұғалімі бес жылға сотталуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абайсызда офицерді атып өлтірген кадет корпусының мұғалімі бес жылға сотталуы мүмкін

Абайсызда офицерді атып өлтірген кадет корпусының мұғалімі бес жылға сотталуы мүмкін

Абайсызда офицерді атып өлтірген кадет корпусының мұғалімі Виталий Криштальбес жылға сотталуы мүмкін, деп Петропавл әскери гарнизонының әскери прокуроры м.а. Игорь Гребенюк мәлім етті.

  • 5 Шiлде 2011
  • 512
Фото - Caravan.kz

«30 маусымда ҚР қорғаныс министрлігінің кадет корпусының гуманитарлық пәндер циклының мұғалімі, аға лейтенант Кришталь Виталий Петровичке қатысты қылмыстық іс аяқталды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 390 бабы 2 тармағымен – «Адам өліміне соқтырған қарумен жұмыс істеу ережесін бұзу» — бабымен айыпталады», — деді И. Гребенюк.

Оның айтуынша, 20 мамырда Ақмола облысының Шучинск қаласында ҚР ҚК кадет корпусының оперативтік кезекшісі В. Кришталь «әскери қызметкердің жалпы міндетін, қауіпсіздік шарасы мен қару және оқ-дәрімен жұмыс ережесін бұза отырып… ПМ маркалы тапаншасын қынабынан, ішінде 8 оғы бар оқ салғышымен қоса суырып алып, одан соң тапаншада оқ салғыш магазинні ң жоқтығына көз жеткізбестен тапаншаның затворын тартып, оқты патронникке салып, шүріппесін басып жіберген».

«Аға лейтенант Криштальдың осындай абайсыз әрекетінен майор Решетовскийдің ішінен оқ тиіп, ішегін жарып, омыртақсын, сол жағындағы күре тамырын жарақаттап, содан оның ішіне қан тоқтамай ағып, ақыры офицер өліміне соқтырған», — деді И. Гребенюк.

Оның айтуынша, жақын арада Петропавл гарнизонының әскери прокуроры аталған қылмыстық істі Ақмола гарнизонының әскери сотына қарауға жібереді. Көрсетілген бап 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Соңғы жаңалықтар