”Абақтыдағылар менің баратынымды білген”: Атышулы Мұрат Әбділда сұхбат берді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Абақтыдағылар менің баратынымды білген”: Атышулы Мұрат Әбділда сұхбат берді

”Абақтыдағылар менің баратынымды білген”: Атышулы Мұрат Әбділда сұхбат берді

Әлеуметтік желілер арқылы танылған Мұрат Әбділда бостандыққа шыққаннан кейін сұхбат берді.

  • 20 Қыркүйек
  • 69
Screenshot

Блогер темір тордағы өмірі қалай болғанын “Qogam Dauysy” YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Жалпы абақтыдағы бастапқы уақыт өте ауыр болды. Себебі, мен бұрын-соңды түрме көрмегем. Халыққа алдындп жүріп, бірден сотталып кеткенім ауыр болды. Маған боқтады деп айып тақты ғой, бірақ мен бекерден-бекер боқтамайтын едім. Маған провокация жасап, мені мәжбүрлейтін. Негізі халықтың мұң-мұқтажын айттым. Шындық шымбайына батқан кісілер менен кінә іздейтін шығар. Алла бәріне төреші ғой. Мен түрмеге түскеніме ешкімді кінәламаймын. Өзімнен де кінә болды. Ең бастысы, еркек басыммен жылап, публикаға ойнаған жоқпын”, — дейді ол.

Блогер түзету мекемесіндегі адамдар арасында да танымал екенін айтты.

”Мені бүкіл Қазақстан, көршілес мемлекеттер таниды екен. Түзету мекемесіндегі барлығы мені таныды. Мен уақытша ұстау изолятырынан зонаға бармай жатып сол жақта Мұрат Әбділда келеді екен деген әңгіме болыпты. Ол жақтағы жағдайың өзіңді ұстауыңа байланысты екен. Жұлдыз болсаң да, нашар адам болсаң да сыйламайды”, — дейді Мұрат Әбділда.