Мюзикл алыс аралда болған оқиға хақында. Өзі армандаған ханзадаға тұрмысқа шықпақшы болған Софи мехрабқа бару үшін әкесін іздейді. Сөйтіп ол шешесінің ескі күнделігін оқып, әкесі болуы мүмкін үш азаматқа тойға шақыру хат жолдайды. Шытырманға толы оқиғаның соңы да қызық. Режиссер кейіпкер жұмбағының шешімін табуды әр көрерменнің өз еншісінде қалдырған. Жалпы романтикалық комедия жанрындағы хит-мюзиклдың дайындық жұмыстарына жарты жылдай уақыт кетіпті. Жас әртістер сахнада ойнай жүріп әндерді жанды дауыста орындады.