"Әбден әбігерге түстім. Ішім алай-дүлей": Жұлдыз Әбдікәрімова қиналған сәтін есіне алды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.55
  • 596.03
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әбден әбігерге түстім. Ішім алай-дүлей": Жұлдыз Әбдікәрімова қиналған сәтін есіне алды

"Әбден әбігерге түстім. Ішім алай-дүлей": Жұлдыз Әбдікәрімова қиналған сәтін есіне алды

Жақында ғана жүкті екенін жариялаған Жұлдыз Әбдікәрімова қиналған сәтін еске алды.

  • 5 Маусым
  • 82
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Менің 7-ші жүктілігім…

Ол жайлы білмесем де, менің ағзам қабылдап, өз процессін атқарып жатқанын сезбедім. Әрине, сол кезде сезбеу заңдылық. Өйткені бір басыма біраз мәселе үйір болған кезең еді. Оған халық куә болды! Одан бөлек көпшілік білмейтін жеке мәселелерім тағы бар… Әбден әбігерге түстім. Ішім алай-дүлей…

Сол сәтте, жатырыма жайғасқан бір түйір тамшы дер кезінде, өз уақытында, өз несібесімен келіпті Құрсағымдағы соғып тұрған кішкентай ғана жүрекшем барлық түйіндерді шешіп жіберді деп айтсам, асылық айтқаным болмас. Өйткені, өмірімде үлкен өзгерістер бастау алып, мен күтпеген мүлдем ойламаған таңғажайып жайттар орындалды. Құдды бір киноның сценариі тәрізді) Дәл сол уақытта, бұл жайлы мен ештеңе сезген де, білген де емеспін.

Бұл Жаратқанның маған берген ең ғажап сыйы, Бергенінен берері мол дегенді сонда ғана түсіндім. Адам мұқтаждығын өзгеден емес, Аллаһдан сұраса, Аллаһ оның абройын асырып, жоқ нәрсесін түгендеп қояды екен. Әрине, ниетің таза әрі түзу болса, бәрі өз орнымен өз жөнімен орын алады», — деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.