Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Деймін да!
Мөлдір Әуелбекова қарындасымыз, жарады. Бес адамның намаз оқуына себепші болыпты. Мен өз басым 24 жыл дінде жүрсем де, қанша адамның намаз оқуына себепші болғанымды білмеймін. Мөлдір қарындасымыз бес адамның намазға жығылуына себепкер болған.
Бірақ әлдебіреулер жақтырмай, жан-жақтан табалап, "уағызшы боп кетті" т.б. деп, оның таңдауын ерсі көріп жатқандар бар сияқты. Дінді насихаттаса жақсы емес пе? Әркім өзінің білгенінше досына, көршісіне, әріптесін, жақын араласатын құрбыларына өзінің ұстанған дінінің жақсылығын айтып, намазға келуіне себепкер бола алады. Мөлдір қарындасымыздікі сауапты іс. Қайта осындай атақты кісілердің әсері көбірек, жай діндардан қарағанда. Ал, енді, Оның жер-жебіріне жетіп, уахабист, пәлен-түген деуге ешкімнің ақысы жоқ. Сонда біз өз елімізде, өз жерімізде өзіміздің төл дінімізбен еркін жүріп-тұруға, оның құндылықтарын еркін айтуға қақымыз жоқ па? Өншен бір исламофобтарға қалдық қой. Біздің ел мұсылман елі. Бұл елді мұсылмандар құрған. Мұсылман ата-бабамыз бір қасық қаны қалғанша кәпірлермен соғысып, қорғап қалған жерлер. Сол себепті, мұсылмандар емін-еркін діндерін ұстануға, емін еркін дос-жарандарына, көрші-қолаңдарына орай келгенде насихатын жүргізуге құқылы. Қайта өздеріңіз де дінге бет бұрып, Құдайға мойынсұныңыздар. Ғапылдыққа салынбаңыздар", — деп жазды ол.