Абель Санчес Головкиннің қарсыласы кім болуы мүмкін екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абель Санчес Головкиннің қарсыласы кім болуы мүмкін екенін айтты

Абель Санчес Головкиннің қарсыласы кім болуы мүмкін екенін айтты

 Орта салмақтағы WBA және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинді жаттықтыратын америкалық бапкер Абель Санчес радиоэфирде Геннадийдің қарсыласы кім болуы мүмкін екенін айтты.

  • 6 Наурыз 2015
  • 347
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы sports.kz хабарлады.

«Мамыр айында Геннадий Головкинмен бәсекелесе алатын бірнеше боксшы бар. Біздің боксшы қазір 32 жаста, ал келесі кездесуге дейін ол 33 жасқа толады. Биыл 4 кездесу өткізуді жоспарлап отырмыз. Белгілі боксшылармен кездесе алмасақ, рейтингтің жоғары жағында орналасқандармен күш сынасамыз. Ғаламторда жиі кездесетін үш-төрт есімді айта аламын. Олар: Вилли Монро, Туреано Джонсон және  WBC рейтингінде үшінші орында тұрған Аргентина өкілі Хорхе Хэйланд. Егер олар рейтингте алға қарай қадам басса, онда Головкинмен кездесе алады. Олардың мұндай мүмкіндікке ие болуына  біз қарсы емеспіз. Головкинмен жұдырықтасудан бас тартса, рейтингтегі келесі адаммен күш сынасамыз», — деді Санчес.

Еске сала кетейік, өткен айдың соңында 11 раундта Мартин Мюррейді тізе бүктірген Геннадий чемпиондық атағын сәтті қорғады. 


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера