Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.
Шабуылшылар дауыс беру жәшіктерін сындырып, сайлаушылар мен сайлау комиссиясы мүшелерін қорқытып, көліктеріне отырып қашып кеткен.
Полиция «Мюссер» бақылау-өткізу пунктін жауып, олардың тоқтауын талап еткен, алайда қаскөйлер оқ атып, қарсылық көрсеткен.
Қашып бара жатқан көліктердің бірі шұңқырға түсіп кетіп, кейбір шабуылшылар ұсталды, ал өзгелері қашып үлгерді. Қазір тергеу комитеті «Терроризм» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.