Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Абиба Әбужақынова Ақтөбеде өткен Қазақстан чемпионатында жаңа атаққа ие болды. Ол ҚР еңбек сіңірген спорт шебері атанды. Оған куәлікті Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов табыс етті.
«Дзюдодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері атандым. Ақтөбеде өтіп жатқан дзюдодан Қазақстан чемпионаты аясында Туризм және спорт министрі Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов куәлік табыстады. Сондай-ақ, Елдос ағам алтын нашивкасына қол жеткізді. Елдос ағамның жолын берсін деп ырымдадым», — деп жазды Абиба өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Сметовке осы біріншілік аясында Халықаралық дзюдо федерациясы жіберген (IJF) арнайы «алтын жазу» табысталды.