Кездесуде кандидат тұрғындардың назарын экологиялық өзекті мәселелерге аударды. Сайлаушылар да үміткердің тұғырнамасына қатысты сауалдарын қойып, Құсайыновтың бағдарламасымен жақынырақ танысты. Жалпы адамзатты сақтауға, бүлінген биосфераны қалпына келтіруге, елді экологиялық мәдениеттілікке үндеген үміткер өзінің тұғырнамасы терең зерттеулердің нәтижесінде туғанын айтты. Ал оны іске асыру баршамыздың міндетіміз дейді Әбілғазы Құсайынов.
Әбілғазы Құсайынов, ҚР Президенттігіне үміткер:
-21-ші ғасырда температураның орташа жылыну деңгейі ең аз дегенде 3 градусқа дейін жетуі мүмкін. Бұл — өте үлкен қауіп. Егер бұл жағдай қайталана беретін болса, табиғатқа үлкен әсерін тигізеді.