5-тамызда Астанада өткен баспасөз мәжілісінде Р.Ыбырайымов «Бутя-капитал» ИЖҚ-ның іс-қызметіне жүргізген тексерулер нәтижесінде қылмыстық істер қозғалғанын және Б.Әбіловтың 3,5 млн. теңге көлемінде салық төлемеу дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалған «C&B» ЖШС-не қатысы бар екенін мәлімдеген болатын.
Б.Әбілов өз қорғаушыларының баспасөз мәслихатына қатысты материалдарды жинап жатқанын хабарлады. «Қазір біз бейнематериалдарды жинап жатырмыз. Бізге Р.Ыбырайымовтың сөйлеген сөзі жазылған кассета Астанадан жіберілмекші. Егер онда Р.Ыбырайымов баспасөз баянында жазылғандардың бәрін айтқан болса, онда біз абырой мен адал атқа кір келтіретін ешбір құжатпен бекітілмеген, жалаң айыптаулар үшін ар-ұжданды қорғау туралы сотқа міндетті түрде шағым түсіретін боламыз».
Шағым Р.Ыбырайымовқа қатысты ма, әлде қаржы полициясына қатысты бола ма дегенді Б.Әбілов нақтылаған жоқ.