Әбілязовтің өз ісіне өкінген сыбайласы еуропалық депутаттарға жүгінді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әбілязовтің өз ісіне өкінген сыбайласы еуропалық депутаттарға жүгінді

Әбілязовтің өз ісіне өкінген сыбайласы еуропалық депутаттарға жүгінді

«БТА Банк» төрағасының бұрынғы орынбасары Жақсылық Жарымбетов еуродепутаттардан батыс БАҚ-тары теріс ақпаратты жариялауды тоқтатуын өтінді, деп хабарлады 365info.kz.

  • 17 Мамыр 2017
  • 290
Фото - Caravan.kz

Әбілязов ісінің фигуранты Еуропа кеңесі Парламенттік ассамблеясының президенті П. Аграмунт және осы ұйымның бас хатшысы В. Савицкийге арналған ашық хат жариялады.

Жарымбетовтің айтуынша, оның Қазақстанға өз еркімен оралуы және «БТА Банктен» ақша ұрлау туралы іс бойынша сот процесіне қатысуы еуропалық БАҚ-та бұрмаланып жарияланып, беделі, құқығы мен еркіндігін нұқсан келтіруде.

«Ашық диалог» польшалық фундациясы Мұхтар Әбілязовтың ұсынуымен талдау материалдар сериясын жариялады, онда менің Қазақстанға келуімді «ұрлық» деп атаған».

«Мені ешкім ұрламағанын ашық айттым және қайталап айтамын. Қазақстанға ешкімнің қысым көрсетуімен емес, өз еркіммен келдім. Ұлыбританияның маған берген саяси босқын мәртебесін пайдалануыма болушы еді, бірақ мен әдейі олай жасамадым», — делінген хатта.

Жарымбетовтің жұбайының ұрлануы туралы мәлімдеме жасауына Әбілязов пен «Ашық диалогтың» басшысы Людмила Козлова мәжбүрлеген. «Олар жұбайымды менің айналамда туындаған мәселе мен оның жағдайын пайдаланып, менің ұрланғаным туралы хатқа қол қоюына көндірген», — деді «БТА Банк» төрағасының бұрынғы орынбасары.

Бұл ретте, Жарымбетов «Ашық диалог» әлі де оның ұрланғаны туралы материалдар жариялауды жалғастыруда. Осыған байланысты сотталушы Парламент ассамблеясының депутаттарын осы іске араласуын сұрайды.


«Ашық диалогқа» жалған, дәйексіз, тексерілмеген фактілерді пайдалануына жол бермеуге, өсек-жаладан құралған деректерді теріске шығаруға мәжбүрлеуге, өз әрекеттерін түсіндіруге назар аударуды сұраймын», — деп жазды Жақсылық Жарымбетов.

Ол ұйым қызметкерлерімен жеке кездесуге мүмкіндігі болмағандықтан ашық хатпен жүгінгенін атап өтті.

«Менің айналамдағы жағдайға қатысты өз ұстанымымды түсіндіру және адал атымды қалпына келтіру үшін тікелей өтінішімді қарауыңызды шын көңіліммен өтініп сұраймын», — деп сөзін түйіндеді Жарымбетов.

 

Соңғы жаңалықтар