Абьюзерлерден жапа шеккен жұлдыздар кімдер? - kaz.caravan.kz
  • $ 518.34
  • 591.06
+18 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абьюзерлерден жапа шеккен жұлдыздар кімдер?

Абьюзерлерден жапа шеккен жұлдыздар кімдер?

Жақында ғана танымал актер Серік Шәріптің сүйіктісін ұрған видеосы тарап, елді елең еткізген еді.

  • 9 Сәуiр
  • 53
Фото - Caravan.kz

Елімізде қандай жұлдыздар абюзерлерден таяқ жеді, жапа шекті? Оны Caravan.kz медиа порталының тілшісі анықтап көрді.

«Бес жыл таяқ жеп өмір сүрдім» — Меломен тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі

2024 жылы шу болған іс ол — «Меломен» тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі Нұрилла Ақбергеннің видео жариялап, таяқ жеп келгенін мойындауы еді.

«Осы уақыт аралығында қаншама жағдайлар болды, бірін де айтпадым, сенесіздер ме? Айтпағаным балаларымның әкесінің мықты әке болып жатқанынан емес. Менің мықтылығымнан емес. Ортадағы балалар қиналмасыншы, әке деп аңырап қалмасыншы деген ниет…

Сөйтсем, әйел деген көнгіш, сабырлы келеді екен. Қалай отбасы болған кезімізде көнсем, сосын да көніп жүре беріппін. Бірақ, ажырасқаннан кейінгі түсінген дүнием, балаларыма жай ғана «әке» деген аты емес, заты керек екен. Ай сайын тәрбиесін жүргізу керек әкені көрмедім, сол үшін ұрыстық та…шаршадым, шыны керек.

Әйел адамға, арқа сүйер еркек керек екен. Күйеуіңнің бары не, жоғы не білінбейтін, одан ары таяқ жеп отыратын отбасы атынан садақа кетейін. Менің балаларым қан жоса боп, мұрным сынып, көгеріп, быт-шытым шығып отқан шешесін көріп өскенін қаламадым. Өзгерер деп Аллаға да сан рет тапсырдым. Бірақ, өзгергісі келмейтін адамнан үміт күтіп не керек? Қинап өзгерте алмайтын болған соң, денсаулығым одан бетер жапа шекпей тұрып кетейін деп шештім», — деді Нұрилла Ақберген.

«Өткен өмірім үшін кінәлап, өзіме деген сенімімді төмендетпек болды» — Айя Шалқар

Модель Айя Шалқар бірнеше ай танымал актер Асқар Ілиясовпен кездесіп, кейін онымен айырылысқан еді. Ол өзінің жазбасында «абьюзерлік қарым-қатынас болғанын» айтқан еді.

«28 жасқа дейін 11 жыл бойы өз-өзіммен, өміріммен және мансабыммен белсенді айналыстым, екі жоғары білім алдым, бүкіл әлемді шарлап, бес түрлі қалада өмір сүрдім. Бірнеше ай бойы терапиядан өтіп, қарым-қатынас құрдым (құдайға шүкір, бұл қарым-қатынас ұзаққа «бармады»). Себебі қарым-қатынасымда өткен өмірім үшін кінәлап, қандай киім киіп, қандай косметика қолданатынымды сынау арқылы өзіме деген сенімімді төмендетпек болды. Менің гендерлік мәселе, саясат және ғылым жайлы ойларыма күмән тудырмақ болды», — деп жазған еді Айя Шалқар.

Алайда кейін актер Асқар Ілиясов ешқандай абьюзерлік қарым-қатынас болмағанын, әйелдерді құрметтейтінін айтып ағынан жарылған еді.

«Танымал адам болып жүріп, көзің көгеріп жүрсе бұл қорқынышты» — Нағима Есқалиева

Қазақстанның халық әртісі Нағима Есқалиева «Ұят емес» бағдарламасына берген сұхбатында екінші күйеуі Алмаз Естековтан таяқ жегенін жасырмады.

«Бірінші күйеуім керемет адам болды, екінші күйеуім нашар адам болды. Біз, шығармашылық адамдар махаббат деп басымызбен кетіп қаламыз. Екінші күйеуіммен тек 10 ай ғана өмір сүрдік. Әрине мен ақымақ болдым. Бұл ісім үшін өзімді ешқашан да кешірмеймін. 10 жасар ұлым Диас «сен қандай күйеу тапқансың» деген кезде өзіме келдім. Танымал адам болып жүріп, көзің көгеріп жүрсе бұл қорқынышты. Бұл үлкен қорлық. Ол қазақ болғандықтан, кейбір істері үшін шыдап жүрдім. Қарым-қатынасымыздың соңы нағыз қорқынышты жағдай болды. Ол қызғаныштан ұратын. Ертең бәрі жақсы болады, енді олай жасамайды дегенге сенбеңіздер. Олай ешқашан да болмайды», — деді халық әртісі.

Ал Шәріп Серіктің бұрынғы әйелі әнші Say Mo жақында ғана барлық шындықты жайып салған еді.

«Қазір менде дәлел жоқ. Бұрын анама жіберген, денем көгерген суреттерді өшіріп тастағанмын. Әр жанжалдан кейін ол кешірім сұрайтын. Актер сияқты «тізерлеп» келетін. Абьюзивті қарым-қатынаста болмаған адам жәбірленушінің әрекетін ешқашан түсінбейді. «Неге шыдадың?» деп сұрайсыздар ма? Білмеймін.

Мен әкесіз өстім. Ер адамның әйелге қалай қарауы керектігін білмеймін, өйткені бала күнімде ондай үлгіні көрмедім. Анам көп жұмыс істеді, мен еркекше өсіп кеттім. Бір күні кең көлемде сұхбат беріп, бәрін айтып берем», — деді әнші Say Mo.