Жарияланды: 740

Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін мойындау жөнінде ТМД-ның ортақ ұстанымы туралы мәселе Достастық мемлекет басшыларының отырысында талқыланбайды

Бішкек. 10 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін мойындау жөнінде ТМД-ның ортақ ұстанымы туралы мәселе Достастық мемлекет басшыларының отырысында талқыланбайды. Бұл туралы ТМД СІМ кеңесінің отырысының қорындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ТМД Атқару комитетінің төрағасы Сергей Лебедев мәлімдеме жасады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Оның айтуынша, бұл мәселе кеше ТМД сыртқы істер министрлерінің кеңесінде де қаралған жоқ, бүгін ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында да талқыланбайды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін