Әблязовқа әділ жаза кесуді сұрағандар Франция президентіне хат жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әблязовқа әділ жаза кесуді сұрағандар Франция президентіне хат жолдады

Әблязовқа әділ жаза кесуді сұрағандар Франция президентіне хат жолдады

Бүгін еліміздің бір топ үкіметтік емес ұйым мүшелері Франция президентіне хат жолдады. Белсенділердің бұйымтайы – осы елдің түрмесінде жатқан қашқын банкир Мұхтар Әблязовқа әділ жаза кесу.

  • 2 Қазан 2013
  • 368
Фото - Caravan.kz

Алдағы бейсенбіде Франция соты Әблязовтың тағдырынын шешпек. Яғни, оны бостандыққа жіберу мәселесі қаралатын болады. Осы ретте, қоғам белсенділері президент Франсуа Олландқа бір жарым беттік сәлемдеме жолдап, былығы көп банкирді Қазақстанға қайтаруын өтініпті. Француз тіліне аударылған хат дипломатиялық поштамен бүгін Парижге жөнелтілді. Естеріңізге салсақ, қазақстандық миллиардерді экстрадициялауды отанынан бөлек Украина мен Ресей сұрап отырғанын айта кетейік.


Рауан Есіркепов, «Молодая гвардия» қоғамдық бірлестігінің мүшесі:

— Англияда да Еуропада Әблязовтың үстінен сот болып, оны босатып жіберген жағдай бәріңізге белгілі. Сол сияқты жағдай қайталанбасын. Ол Әблязов, біріншіден, қазақ азаматы. Қазақстандық. Біріншіден, ол осы жердегі қарапайым халқымыздың ақшасын жеді. Соған байланысты, ол бірінші біздің елімізге қайтып келсін деген тілек үмітпен есіне түсіріп жатырмыз.