Әблязовқа Англияда босқын мәртебесінің берілуі оған қарсы ашылған сот үдерісіне әсер етпейді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әблязовқа Англияда босқын мәртебесінің берілуі оған қарсы ашылған сот үдерісіне әсер етпейді

Әблязовқа Англияда босқын мәртебесінің берілуі оған қарсы ашылған сот үдерісіне әсер етпейді

«БТА банк» АҚ экс-төрағасы Мұхтар Әблязовқа Англиядан саяси босқын мәртебесінің берілуі, оған қарсы ашылған сот процессіне әсер етпейді деп есептейді, деп БТА банк баспасөз қызметі ҚазТАГ агенттігінің сауалына жауап берді.

  • 14 Шiлде 2011
  • 555
Фото - Caravan.kz

«Әблязовқа Ұлыбританияның ІІМ шешімімен 2011 жылы 7 шілдеде саяси босқын мәртебесі берілген. Home Office (ІІМ) шешімі Англияның жоғарғы сотында жүріп жатқан сот қарауларына әсер етпейді. Бұл факті Әблязовқа қарсы жүріп жатқан сот ісіне ешқандай әсер етпейді, Әблязовты түрмеге қамау туралы барлық азаматтық талаптар бойынша істі қарау жалғасын табады», — делінген ҚазТАГ агенттігі сәрсенбі күні банк баспасөз қызметінен алған жауабында.

Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, Әблязовтың төлқұжаты бұрынғысынша заң орындарында, және ол Ұлыбритания территориясын тастап ешқайда кете алмайды. М. Әблязовтың активтері сот шешімімен үшніші тараптың (KPMG) сақтауында тұр. М. Әблязов өзіне қарсы ашылған қылмыстық қудалауда саяси астар бар деп мәлімдегеніне қарамай, сот тергеуі одан ары жалғасады.

Ол аз десеңіз, Англияның Жоғарғы соты 10 мамырда М. Әблязовтың істі саяси астар бар деп қарау туралы өтінішін қабыл алмай тастады, деп атап көрсетті баспасөз қызметі.

«Мен ағымдағы жағдайда бұл істе саяси астар бар деп қабылдауға болады дегенге күмәнмен қараймын. Банк әрекетінің айдан анық себебі бар. Ол М. Әблязов заңсыз иеленіп кеткен активтердің қайтарылуын талап ету… Банкте активтерді қайтару жөнінде М. Әблязовқа қарсы қылмыстық іс қозғатуға толығымен негіз бар. 2011 жылдың мамыр айының соңында БТА банк Англияның Жоғарғы сотына жалпы сомасы $5 млрд болатын 7 шағым берді», — деді судья Тиэр, деп баспасөз қызметі өз хабарында оның айтқанын келтіреді.

Бұрын хабарланғандай, М. Әблязов Ұлыбританиядан саяси баспана алды.

Экс-банкир М. Әблязовқа қатысты қылмыстық іс 2009 жылдың басында, мемлекет «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ арқылы БТА банк құрамына кірген соң басталды. Сарапшылардың бағалауы бойынша М. Әблязов оффшорлар арқылы және қамтамасыз етілмеген несиелер арқылы Қазақстаннан БТА банк арқылы $10 млрд алып кеткен көрінеді.

М. Әблязов елден өзіне қарсы қылмыстық іс қозғалған соң қашты. 2011 жылы қаңтарда Қазақстан бас прокуратурасы Ұлыбританиядан М. Әблязовтың экстрадициясын талап етті.

Экс-банкир Қазақстанның өзін қудалауында саяси астар бар деп есептейді. БТА банктің М. Әблязовқа қарсы берген шағымын Англияның Жоғарғы соты қарайтын болады.

Соңғы жаңалықтар