Әблязовқа Ұлыбританияда саяси баспана берілді
БТА Банктің экс-басшысы Мұхтар Әблязовқа Ұлыбританияда саяси баспана берілді, деп хабарлайды rosbalt.ruсайты. |
«Қазақстан билігінен Лондонда жасырынып жүрген Мұхтар Әблязов Ұлыбритания билігінің саяси баспанасын алды. Бұл туралы Bloomberg агенттігіне бизнесменнің өкілі Локсли Райан хабарлады», - делінген сейсенбі күні rosbalt.ru сайтындағы ақпаратта.
Бұрын хабарланғандай, 2011 жылдың қаңтарында Қазақстанның бас прокуратурасы Ұлыбританияға қашқын банкирді экстрадициялау туралы өтініш жолдады. Қазақстанда 2009 жылы М. Әблязовқа қатысты алаяқтық жасады, БТА Банктің қаржысын шығарып, иемденді деген күдік бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның иемденген мүлкінің көлемі $4,5 млрд-қа бағаланып отыр. 2009 жБТА Банк «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының бақылауына өтті.
М. Әблязов 2009 жылдан бері Ұлыбританияда тұрып жатыр. Қашқын банкир өзін саяси себептер бойынша қудалауға ұшыратты деп есептейді.
БТА Банктің экс-басшысы М.Әблязовқа қарсы шағымын Лондонның Жоғарғы соты қарап жатыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін