Әблязовтың қызы Украина президентіне хат жолдап, әкесіне араша түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әблязовтың қызы Украина президентіне хат жолдап, әкесіне араша түсті

Әблязовтың қызы Украина президентіне хат жолдап, әкесіне араша түсті

Мұхтар Әблязовтың үлкен қызы Мәдина әкесіне араша түсті. Айта кетейік, ол қазына қаржысын қалтасына басып қашқан тағы бір экс-шенеунік Виктор Храпуновтың келіні. Бүгін ол Украина президентіне хат жолдап, әкесіне қатысты талап-арыздарын қайтарып алуды сұрапты. Айтуынша, мұның барлығы саяси қудалау көрінеді.

  • 20 Қараша 2013
  • 345
Фото - Caravan.kz


Естеріңзге салсақ, Мұхтар Әблязов қазір Франция абақтысында отыр. Адвокаттары экс-банкирді экстрадицияламауды сұрап тағы арыздануда. Қашқын олигархты Қазақстан, Ресей мен Украина сынды үш мемлекет өздеріне қайтаруды сұрағанын айта кетейік. Ресми Кивтің арызын сот желтоқсанның 5-інде қарайды. Мәдина Әблязова болса дәл осы процесті болдырмауға барын салып жатыр. Сірә өзі де бұрын сотты болған Украина президенті әкесінің жағдайын түсінер деп ойласа керек. Тіпті Януковичке талап та қойыпты. Банкирді Қазақстанға қайтарса, Киевтің Еуроодақпен арадағы қатынасы бұзылуы мүмкін делінген хатында. Бірақ Украина тарапы әлі жауап қатқан жоқ.