Абсолютті чемпион көз арбасу сәтінде ернінен сүйіп алған қарсыласын нокаутқа түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абсолютті чемпион көз арбасу сәтінде ернінен сүйіп алған қарсыласын нокаутқа түсірді

Абсолютті чемпион көз арбасу сәтінде ернінен сүйіп алған қарсыласын нокаутқа түсірді

Жартылай орта салмақта абсолютті чемпион норвегиялық Сесилия Брекхус швециялық Микаелу Лауренді нокаутқа түсіріп, WBC, WBA, WBO, IBF, IBO белбеулерін қорғап қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

  • 22 Қазан 2017
  • 4867
Фото - Caravan.kz

Норвегияның Стокк қаласында өткен жекпе-жек алтыншы раундта аяқталды. Норвегиялық боксшы қыз үшін бұл 32-ші кездесу және 32-ші жеңісі және ол 9-шы рет жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Ал осы күнген дейін 29 рет жеңімпаз атанған 41 жастағы Лаурен бесінші рет жеңілді. Еске салайық, таяуда баспасөз конференциясында Лаурен норвегиялық боксшының ернінен сүйіп алған еді. Брекхус шапалақпен жауап қайтарды, бірақ күліп жіберді. Сосын барлығы сабырға келіп баспасөз конференциясын ары қарай жалғастырды.