«Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен 14 мамырда Абу Даби әмірлігінің ханзадасы, Біріккен Араб Әмірліктері қарулы күштері бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мухаммед бен Заид аль Нахаян ресми сапармен Қазақстанға келеді «, -деді Е. Ашықбаев.
Оның айтуынша, сапар барысында Абу Даби әмірлігінің ханзадасы ел басшылығымен екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастығын дамыту перспективасын талқылайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті