Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Демократиялық партия төрағасының орынбасары Қазыбек Исаның пікірінше, Қазақстандағы үш қаланың атын ауыстыру керек.
"Петропавлды — Абылай ханның атымен, Павлодарды — тәуелсіздік үшін күрескен Кенесарының атымен, Семейді — Әлихан Бөкейхановтың атымен атау керек. Біз осылай жалғастыру керекпіз", — деді Иса "Қазақстан-2050" демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысында.
Сосын ол өз пікірімен бөліскенін айтты. "Бұл менің жеке ұсынысым, сосын партияның фракциясымен отырыста көре жатармыз", — деп жауап берді Қазыбек Иса журналистерге.
"Ақ жол" демокартиялық партиясы парламенттік партия саналады. Оның мәжілісте депутаттық фракциясы бар.
Естеріңізге сала кетейік, 20 наурыз күні Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының құрметіне Астананың атын Нұр-Сұлтан деп өзгертуді ұсынды. Сол күні үкімет конституцияға сәйкесінше өзгертулер енгізді. 23 наурызда мемлекет басшысы өзгертпелерді бекітіп, жарлыққа қол қойды.