«Абылай хан» қойылымы орыс тілінде сахналанды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Абылай хан» қойылымы орыс тілінде сахналанды

«Абылай хан» қойылымы орыс тілінде сахналанды

Ақмола облыстық театрында  тарихи тұлға «Абылай хан» туралы қойылым тұңғыш рет орыс тілінде сахналанды, деп хабарлады 24.kz. 

  • 30 Маусым 2014
  • 580
Фото - Caravan.kz


Қойылым режисері — ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Мұратбек Оспанов. ХVIII ғасырдың мемлекеттік қайраткері, даңқты қолбасшы, саясаткер Абылай хан өмірі қойылымның өзегіне айналды. Қойылымда бала Абылайдың үш жүздің басын қосқан хан Абылайға дейінгі қиын да күрделі жолы суреттеледі. Елдің еркіндігін сақтау жолындағы ерен еңбегі, анталаған жаудан халықты аман алып шыққан айлакерлігі көрермен қауымды бейжай қалдырмады.

— Алда қойған жоспар көп. Соның ішінде Шоқан Уәлихановтың мерейтойына арнап «Шоқан» деген шығарманы сахналағымыз келіп отыр. Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романы бойынша да жұмыс жасамақпыз. Орыс театры болғанымен, қазақ классиктерінің, қазақ драматургтерінің шығармаларын репертуарға араластыруымыз керек деген мақсат қойған едік, — деді облыстық орыс драма театры директорының міндетін атқарушы Бейбіт Бақтыгереев.

Перейти к новостям спорта