Абылай ханның 300 жылдығына арналған конференцияға бірқатар шетелдік ғалымдар шақырылып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абылай ханның 300 жылдығына арналған конференцияға бірқатар шетелдік ғалымдар шақырылып отыр

Абылай ханның 300 жылдығына арналған конференцияға бірқатар шетелдік ғалымдар шақырылып отыр

Қазанның 5-6-сы аралығында Көкшетау қаласында өтетін Абылай ханның 300 жылдығына арналған конференцияға шетелден бірқатар белгілі ғалымдар шақырылып отыр.

  • 1 Қазан 2013
  • 462
Фото - Caravan.kz

Бұл жөнінде бүгін Астанадағы «Қазмедиа орталығында» Ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мүшесі, «Мемлекет тарихы институты» мекемесінің директоры Бүркітбай Аяған мәлімдеді.

Еске салсақ, Абылай ханның 300 жылдығын мерекелеу аясында 5 қазанда Көкшетауда «Абылай хан және оның тарихи дәуірі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Сонымен қатар Абылай хан алаңында мәдени шараларды өткізу жоспарланған. Мұнымен қоса, Көкшетау маңындағы Қызылжар атшабарында «Азат рухтың Абылай ханы» атты театрландырылған қойылым ұйымдастырылмақ.

«Биыл мемлекет қайраткері, дарынды қолбасшы әрі саясаткер Абылай ханның дүниеге келгеніне 300 жыл толып отыр. Соған орай, Көкшетау қаласында ұйымдастырылатын конференцияға белгілі ғалымдар, сарапшылар, ғылыми ұйымдардың қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, қазақстандық және шетелдік қоғамдық ұйым өкілдері қатысатын болады. Олардың арасында Ресей академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы Нелля Бекмаханова, Дағыстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Даниял Қадырниязов, Ыстамбұл университетінің профессоры Мехмет Сарай, Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің профессоры Шайыркүл Батырбаева, Индиана университетінің ғылыми қызметкері Майкл Хэнкок бар», — деді Б. Аяған.

Ал қазанның 25-інде Тараз қаласында қазақтың ұлы биі, көрнекті қайраткер Төле биге арналған ескерткіш ашылады. Осы күні Таразда да кешенді шаралар ұйымдастырылады, оның ішінде ғылыми-практикалық конференциялар да қарастырылған.


Б. Аяғанның айтуынша, аталмыш конференцияларда қазақтың отаршылдық кезеңдегі тарихи мәселелеріне қатысты сұрақтар кеңінен талқыланып, алқалы жиында сөз сөйлегендердің баяндамалары арнайы жинақ болып шығады. «Қазақстанның тарих ғылымын жаңғырту жөніндегі барлық шаралар, оның ішінде әдістемелерді жаңарту, базалық оқу құралдарын құру шаралары Мемлекет басшысының тапсырмасына орай атқарылуда», — деді Б. Аяған.

Перейти к новостям спорта