Шара аясында алда келе жатқан Абылай ханның 300 жылдық тойына арнап, 300 шырша отырғызылды. Көкшетауда мұндай сенбілік өткізу жыл сайын дәстүрге айналған. Алайда, осы жылғы шараның маңызы ерекше болып отыр. Хан Абылайдың 300 жылдығы жақындап қалды. Бұған дейін мектепте, жоғарғы оқу орындарында, түрлі мекемелерде мерейтой аталып өтсе, енді бүкіл қала тұрғындары тазалыққа кірісті. Сенбілік аясында қала қоқыстан және жапырақтардан тазартып, ағаштар әктеледі. Сондай-ақ, көшедегі жарық беретін шамдар қалыпқа келтіріледі. Бүгін орталық саябақтағы «Менің Қазақстаным» сәулет композициясы мен ауған жауынгерлеріне арналған ескерткіштің маңына және Абай көшесі бойына барлығы 242 түп терек отырғызылды.