Белгілі заңгер бұл туралы кәсіпкер Нұрсила Ахметбекке берген сұхбатында айтып берді.
"Смановтың уағызын тыңдап көрсең, өмірден түңіліп кетесің. Ол ҚМДБ-ның Оңтүстік Қазақстандағы өкілі. Смановтың "мәйіт жағалаған ишакбастар" , — деген уағызы бар. Ата-анасының, ата-бабасының барып құран бағыштағандар ишакбастар екен. Осы дұрыс па деп ҚМДБ-ға ресми сауал жіберген болатынмын. Олар "иә, бәрі де дұрыс, олар өте сауатты адам", — деп жауап берді.