"АЧ Финалы": Санжар Тәшкенбай өзбекстандық боксшыдан жеңіліп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 495.28
  • 538.32
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"АЧ Финалы": Санжар Тәшкенбай өзбекстандық боксшыдан жеңіліп қалды

"АЧ Финалы": Санжар Тәшкенбай өзбекстандық боксшыдан жеңіліп қалды

11 желтоқсанда Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионатының соңғы күні өтіп жатыр.

  • 11 Желтоқсан 2024
  • 58
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ерлер арасындағы ақтық сында ел намысын алғашқы болып Санжар Тәшкенбай қорғады. Ол 48 кг дейінгі салмақтың финалында өзбекстандық қарсыласы Шодиержон Меликузиевке есе жіберді. Осылайша, 21 жастағы қазақстандық спортшы Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері атанды.