ӘЧ: Жарыс жолында - ауыр атлет Карина Горичева! - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ӘЧ: Жарыс жолында - ауыр атлет Карина Горичева!

ӘЧ: Жарыс жолында - ауыр атлет Карина Горичева!

Алматыда ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында дүбірлі дода жалғасып жатыр. Бүгін, 13 қараша жарыс жолында - жастар арасындағы әлем чемпионаттарының жүлдегері, Қазанда өткен Универсиаданың күміс жүлдегері Карина Горичева өз мүмкіндігін байқап бағады. 

  • 13 Қараша 2014
  • 425
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық спортшы түскі сағат 16:00-де 63 келіге дейінгі салмақ санатында «А» тобында күш сынайды.

Таңертеңгі 11:00-де 69 келіге дейінгі салмақ категориясы бойынша «С» тобының, 13:00-де «Б» тобының зілтемірші қыздары үздіктерді анықтайды.

94 келі салмақ санаты бойынша «Д» тобында ерлер арасындағы дүбірлі дода таңертеңгі 9:00-де, «С» тобында кешкі 21:00-де басталады.

Кешкі 19:00-де 85 келі салмақ санаты бойынша «А» тобының спортшылары жүлделі орынға таласатын болады.

Қазақстандық спортшылар әлемнің мықтылары бас қосып жатқан байрақты бәсекеде жоғары нәтиже көрсетіп келеді.

Кеше қазақстандық спортшы Гүлназ Наурызова 63 келіге дейінгі салмақ санатында «С» тобында екінші орынға тұрақтады.

Қоссайыстың нәтижесінде қазақстандық спортшы 196 ұпайды иеленді (91+105). Ал 77 келіге дейін салмақ санаты бойынша өнер көрсеткен ауыр атлет Кирилл Павлов қоссайыста 352 ұпай жинап, өз тобында төртінші орынды місе тұтты.

Бұған дейін Олимпиада чемпионы Зүлфия Чиншанло әлем чемпионы аталып, өзінің серпе көтерудегі рекордын жаңартқан болатын. Ал ерлер арасында өнер көрсеткен 18 жасар Альберт Линдер 10-шы орынға тұрақтады.


Сайыстың алғашқы күні жарыс жолына шыққан Арли Чонтей алтыншы орынмен ғана қанағаттанса, қыздар арасынан Маргарита Елисеева алғашқы айналымнан аса алмады.

Еске сала кетейік, байрақты бәсекеде 72 елден 538 спортшы бақтарын сынауда. Оның 315-і ерлер болса, 223-і әйелдер. Әйелдер жеті салмақ дәрежесі бойынша (48, 53, 58, 63, 69, 75, +75 келі) сынға түссе, ерлер сегіз салмақта (56, 62, 69, 77, 85, 94, 105, +105) жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайтын болады.Қазақстан құрамасы бұл додаға толық құрамда қатысып отыр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера