Бұл матчтың негiзгi уақытында қарсыластар бiр-бiрiнiң қақпасының кiлтiн таба алмай, ойынды овертаймға ауыстырған. Дегенмен онда да футболшылар есеп ашқан жоқ.
Ойын соңындағы пенальти сериясында аргентиналық қақпашының бағы басым болды. Ол нидерландылықтардың шабуылшылары тепкен 2 соққыны тойтара бiлдi. Өз кезегiнде аргентиналықтар барлық соққыларын сәттi орындады. Есеп — 2:4, оңтүстiкамерикалықтардың пайдасына.