ӘЧ-2014: Бельгия мен АҚШ құрамаларының овертаймдағы супер шайқасында еуропалықтар жеңiске жеттi - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ӘЧ-2014: Бельгия мен АҚШ құрамаларының овертаймдағы супер шайқасында еуропалықтар жеңiске жеттi

ӘЧ-2014: Бельгия мен АҚШ құрамаларының овертаймдағы супер шайқасында еуропалықтар жеңiске жеттi

Бразилияда футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалы кезеңiнде Бельгия мен АҚШ құрамалары кездестi.

  • 2 Шiлде 2014
  • 314
Фото - Caravan.kz

Бұл матчта да мундиальдiң кезектi овертаймы тiркелдi. Негiзгi ойын кезеңдерiнде есеп ашылмады.

Ал овертаймның басында (92-минут) Де Брюйне америкалықтардың қақпасына алғашқы голды салса, 105-минутта Лукакку ұлттық командасының басымдығын еселей түстi. Бiрақ 107-минутта алаңға жаңадан шыққан 1995 жылғы Гринн бельгиялықтардың қақпасына доп салып, америкалықтардың үмiт отын жаға түстi. АҚШ құрамасында есептi теңестiретiн бiрнеше мүмкiндiктерi болды. Ойын соңында жан алысып, жан берiскен командалар қарқынды шабуылдарға бас қойды. Бiрақ матч 2:1 есебiмен Бельгия пайдасына шешiлдi.

Айта кетейiк, аталмыш кездесуде бельгиялықтар АҚШ құрамасының Тим Ховард қорғаған қақпасына 36 соққы бағыттаған. Бұл көрсеткiш әлем рекорды болып тiркелдi.


Әлем чемпионатының 1/4 финалында Бразилия Колумбиямен, Франция Германиямен, Нидерланды Коста-Рикамен, ал Бельгия Аргентинамен күш сынасады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера