Алғашқы голды Хуан Гуардадо матчтың 17-минутында салған болатын. Синдзи Окадзака бiрiншi таймның соңында есептi теңестiре алды. Алайда Джексон Мартинес ойынның 55-минутында қарсыластар қақпасына доп енгiзiп, өз командасын тағы да алға шығарды. Ал 82-минутта Джексон Мартинес есептi тiптi 3:1-ге жеткiздi. Ал Джеймс Родригес соңғы минуттарда жапониялықтардың қақпасына 4-інші голды салып, жапондықтарды плей-оффқа шығу мүмкiндiгiнен айырды.
Айта кетейiк, С тобында Колумбия 9 ұпаймен көш бастап, плей-оффқа шықты. Оған 4 ұпаймен екiншi сатыға көтерiлген Грекия қосылды. Ал Жапония мен Кот Д'Ивуар осымен жарысты тоқтатты.

