ӘЧ-2014: Луис Суарес өзінің Twitter-дегі парақшасында қарсыласын тістеп алғаны үшін кешірім сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ӘЧ-2014: Луис Суарес өзінің Twitter-дегі парақшасында қарсыласын тістеп алғаны үшін кешірім сұрады

ӘЧ-2014: Луис Суарес өзінің Twitter-дегі парақшасында қарсыласын тістеп алғаны үшін кешірім сұрады

Италия командасындағы өзінің қарсыласын тістеп алған Уругвай құрамасының ойыншысы Луис Суарес кешірім сұрады.

  • 1 Шiлде 2014
  • 450
Фото - Caravan.kz

 Twitter-дегі  парақшасында ол болған жағдайға байланысты «қатты өкінетінін» мәлім еткен.

«Бірнеше күн мен өзімнің отбасыммен болып, 2014 жылдың 24 маусымындағы Италия-Уругвай матчы кезінде  болған жағдайды ой елегінен өткіздім», — деп жазды спортшы.

«Мен болған жағдайға байланысты қатты өкінемін. Мен Джорджо Кьеллини мен барша футбол құрамасы мүшелерінен кешірім сұраймын. Жұртшылыққа енді мұндай жағдай болмайды деп уәде беремін», — деп мәлім етті Суарес.

Италия құрамасының қорғаушысы Джорджо Кьеллиниді Бразилиядағы әлем чемпионатының матчы кезінде тістеп алғаны үшін Суарес төрт айға футболдан шеттетілді. Оған футбол  ойнауға, стадиондарға келуге тыйым салынған.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера