Бүгiн Бразилияда өтiп жатқан футболдан әлем чемпионатының жартылай финалдық бәсекесiнде Бразилия Германия құрамасынан 7:1 есебiмен жеңiлiп қалған болатын.
Баспасөз мәслихаты барысында бас бапкер жанкүйерлер алдында кешiрiм сұрады.
«Ойындағы нәтиже үшiн кешiрiм сұрағым келедi», — деп келтiредi Football Espana Сколаридiң сөзiн. — Бiз жеңiлiп жатқанымызға қарамастан, командаға қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс айтамын. Жеңiлiске мен кiнәлiмiн және сол үшiн жауапкершiлiк арқалауым тиiс. Есеп бiздiң ойынымызға байланысты болды деп есептемеймiн. Бiз бақылауды қолдан сусытып алдық, бұл әрине жақсы емес, бiрақ мұндай оқиғалар орын алып тұрады».