"Адам ата қазақ болған": Орыс басылымдары Қазақстан туралы не жазуда? - kaz.caravan.kz
  • $ 499.51
  • 525.83
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Адам ата қазақ болған": Орыс басылымдары Қазақстан туралы не жазуда?

"Адам ата қазақ болған": Орыс басылымдары Қазақстан туралы не жазуда?

Caravan.kz медиа порталы орыс басылымдарына көз жүгіртіп, орыс БАҚ-тың Қазақстан жайлы не жазып жатқанына шолу жасап көрді.

  • 24 Желтоқсан 2018
  • 183
Фото - Caravan.kz

Түркістан мен Қазан бауырлас қалаға айналмақ

Қазақстандағы Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев екі қаланың бауырлас болуына ұсыныс жасады, — деп жазады Tatar-inform.ru басылымы.

Екі елдің тілі де, дәстүрі де, діні де бір деді Түркістан облысының әкімі.

«Түркістан облысы мен Татарстан Республикасы арасындағы өзара тиімді өнеркәсіптік, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, туризм, көлік және қауіпсіздік салаларында IT-технологияларды енгізу бойынша барлық мүмкіншіліктер бар», — деді әкім.

Ал Қазақстандағы Татарстанның өкілетті өкілі Денис Валеев Қазан мен Түркістанның ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті. Ол татарлар мен қазақтар арасындағы рухани байланыстарды нығайта беретініне сенімді.

Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімдігі мен Татарстандағы «BARS Group» АҚ АТ, инновация және цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Жаңа жыл кешінде София Ротару қазақ тілінде ән салу үшін қанша миллион ақы алады?

София Ротару Қазақстандағы Жаңа жыл қарсаңында 200 мың евро немесе 85 миллион алады, деп хабарлайды «Politeka» украиналық порталы.


Басылымның айтуы бойынша, 71 жастағы әнші ешқашан мұндай ақы алып көрмеген.

Жаңа жылдық мерекелерде Ротару ең көп дегенде 100 мың евро ақы алып келген көрінеді.

Қазақстандық ғалым Адам атаның қазақ екенін дәлелдеді

Қазақстандық ғалым Адам атаның қазақ болғанын және оның қазақ тілінде сөйлегенін мәлімдеді.

Мұндай жаңалық қазақстандық БАҚ-ты дүр сілкіндірді, — деп жазады Obzor.it басылымы.

Бұл мәлімдемені Алматыдағы ҚАЗҰУ-дың доценті әрі философия ғылымдарының докторы Бейсенов Б.К жасаған.

Ғалымның бұл мәлімдемесі университеттің “Вестник” журналында жарыққа шыққан.

Маманның хабарлауы бойынша, әлемдегі ең алғашқы адам Қазақстанның аумағындай пайда болған, оған қоса Адам атаның сөйлеген тілі қазақ тілі болған. Адам атаның “Адам” аталуының өзінде ерекшелік бар екенін мәлім етті.

Ғалымның айтуы бойынша, жаратушы Адамға ағаштағы жемісті көрсетіп, оған "алма" деп айтқан. Алғашқы адам тілінде ол "оны алуға болмайды" дегенді білдірген, бірақ Адам ата кейіннен жемісті де "алма" деп атап кеткен.