Бұл туралы эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығы институты, диагностиканың жаңа әдістерін әзірлеу ғылыми тобының жетекшісі Камиль Хафизов айтып берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-қа сілтеме жасап.
"Бір уақытта COVID-19-дың бірнеше түрімен ауыруға болады. Бұл жағдайда ағзадағы штаммдардың таралу жылдамдығы әртүрлі болады.
Яғни, сіз екі түрін жұқтырасыз, ал оның біреуі жеңе бастайды", — деп атап өтті ол.
Айта кетейік, коронавирустың жаңа штаммы қарашаның соңында Ботсван мен ОАР-да табылды.