10 желтоқсан — адамзат тарихында алғаш рет адам құқығы бекітілген күн, Caravan.kz медиа порталы тарихи күн туралы толық ақпарат ұсынады.
Бұл күн 1948 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын қабылдағанына орай белгіленген. Декларация адамзат тарихындағы негізгі құқықтарды алғаш рет ресми түрде бекіткен маңызды құжат болып табылады.
Тарихи маңызы
1948 жылы 10 желтоқсанда қабылданған Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы адамзат тарихындағы маңызды құжаттардың бірі саналады. Ол барлық адамдардың нәсіліне, дініне, жынысына, тіліне және басқа да айырмашылықтарына қарамастан тең құқықтары мен қадір-қасиетін тануды жариялайды.
Декларация 30 баптан тұрады және әр адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын анықтайды. Негізгі баптарына тоқталсақ:
1-бап: Барлық адам тумасынан азат және қадір-қасиеті мен құқықтары тең болып дүниеге келеді.
2-бап: Әр адам нәсіліне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе өзге де көзқарастарына, ұлтына, әлеуметтік тобына, мүліктік жағдайына немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, барлық құқықтар мен бостандықтарға ие болуға тиіс.
3-бап: Әр адам өмір сүруге, бостандықта болуға және оның жеке басына қол сұғылмауына құқылы.
4-бап: Ешкім де құлдықта немесе кіріптарлықта ұсталуы тиіс емес. Құлдық мен құл саудасына, қандай түрде болса да тыйым салынады.
5-бап: Ешкім де азапталуға немесе қадір-қасиетін қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатігездік жолмен жәбірленуге, немесе жазалануға тиіс емес.
6-бап: Заң алдында жұрттың бәрі тең және де заң арқылы алаланбай, бірдей тең қорғалуға құқылы.
9-бап: Ешкім де негізсіз тұтқындалуға, қамауда ұсталуға немесе қуғынға ұшырауға тиіс емес.
10-бап: Әр адам, өзіне тағылған қылмыстық айыптаудың негізділігін белгілеу үшін, ісі толық теңдек негізінде әділеттік талаптарға сай, тәуелсіз және әділ сот арқылы ашық қаралуына құқығы бар.
13-бап: Әр адам кез келген елден, соның ішінде өзінің туған елінен басқа елге қоныс аударуға, және өз еліне қайтып оралуға құқылы.
18-бап: Әр адамның ой-пікір, ар-ождан мен дін бостандығына құқығы бар.
19-бап: Әр адамның наным-сенімі мен өз көзқарасын еркін білдіруіне құқығы бар. Бұл құқық ақпараттар мен идеяларды еркін іздеп, кез-келген құралдар арқылы тарату бостандығын да қамтиды.
20-бап: Әр адамның бейбіт жиналыстар және ассоциацияларды құру бостандығына құқығы бар.
23-бап: Әр адамның еңбек етуге, жұмыс түрін еркін таңдауға, әділ және қолайлы еңбек жағдайына жұмыссыздықтан қорғалуына тең еңбек ақы алуына құқылы.
26-бап: Әр адамның білім алуға құқығы бар. Білім беру, ең болмағанда бастауыш және жалпы білім тегін болуы тиіс.
Бұл құжат заңдық күші бар келісім емес, бірақ көптеген елдер оған негізделіп өздерінің ұлттық заңдарын әзірледі. Бұл күн бүкіл әлемде түрлі іс-шаралар мен науқандар арқылы атап өтіледі. Олар адамның құқықтарын қорғау және қолдау мәселесіне назар аударуға бағытталған.
Қазақстандағы жағдай
Қазақстан Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясына қосылған мемлекет ретінде адам құқықтарын қорғау бағытында жұмыс істейді. Еліміз 1992 жылы наурыздың 2-сі күні БҰҰ-ға мүше болғандықтан, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларация талаптарын орындауға міндетті.
Ресми Қазақстан деклорацияның орындалып жатқанын айтады. Бірақ іс жүзінде көрсетілген нормалар бізде сақталмай отыр. Елдегі жағдайды ашық айтатын азаматтар саяси көзқарастары үшін жиі сынға ұшырап жатады. «Tirek» сайтының мәліметінше, елде 20-дан аса адам «саяси тұтқын» деп танылған.
Тәуелсіз елде қазақ тілінде қызмет көрсетпеуге ешкімнің құқығы жоқ. Осы ретте қазақ тілін менсінбеген «Qazaq coffee» кофеханасы туралы айта кеткен жөн.
Аталмыш кофехана қазақша мәзір беруден бас тартып, 2GIS қосымшасына «қазақ тілін білуге міндетті емеспіз» деп пікір жазған. Желі қолданушылары оғаш әрекеті үшін кофехананы сынға алды. Түрлі пікірлер жазып, кофехананың тәуір рейтингін бірге дейін түсірді. Енді сөгіс алған кофехана уақытша жабылуға мәжбүр. Ал әкімшілік кешіріп сұрап әлек.
Айта кетейік, 2022 жылдан бастап көренкті ақпарат, соның ішінде ас мәзірінің қазақша нұсқасы болуы тиіс деген заң қабылданды.
