Адам өлтірген жол полициясы қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Адам өлтірген  жол  полициясы қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Адам өлтірген жол полициясы қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Астанада жол  полициясы қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оған Қылмыстық кодекстің 101-ші бабы бойынша, яғни, абайсызда адам өлтірді деген айып тағылып отыр. Естеріңізге сала кетсек, апта басында жол сақшысының 19 жасар Сержан Айнабековті көлікте отырған жерінде атып өлтіргені туралы айтқан болатынбыз.

  • 17 Маусым 2011
  • 453
Фото - Caravan.kz

Қайғылы жағдай болған күні  Сержан достарымен бірге Астанадағы мейрамханалардың бірінде қыдырып, соңында 6 адам болып көлікпен қалаға шыққан екен. Жүргізушіден басқасының бәрі ішімдік ішіпті. Жолда бұл көлікті полицейлер тоқтатады, алайда жүргізуші бұйрыққа бағынбай,қаша жөнелген. Олардың соңына түскен полицейлер көлікті тек қару қолданып тоқтатады. Жол полицейі көліктің терезін қолындағы қарумен ұрып сындырыпты. Сол кезде тапашадан оқ атылып, ең шетте отырған Сержан көз жұмған. Марқұмның туыстары мен достары жол сақшысының әлі жұмыста жүргеніне, оған  қатысты қылмыстық іс қозғалмай  жатқанына наразылық білдірген.  Ал бүгін бұл қайғылы жағдайдың орын алғанын Астана қалалық Ішкі істер департаменті де растап, тергеу амалдары басталғанын жеткізді.


Нұрділда Ораз, Астана қалалық
Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы:

Азаматтың өлімі бойынша, ҚР Қылмыстық кодекстің 101 бабымен Жол полициясы басқармасының қызметкеріне қатысты  қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жургізілуде.

Соңғы жаңалықтар