Адам өлтіргені үшін 17 жылдан астам іздеуде болған Қазақстан азаматы Ресейде ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+29 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Адам өлтіргені үшін 17 жылдан астам іздеуде болған Қазақстан азаматы Ресейде ұсталды

Адам өлтіргені үшін 17 жылдан астам іздеуде болған Қазақстан азаматы Ресейде ұсталды

Қылмысты жасауға күдікті ретінде айыпталған және анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынған адамдарды іздестіру, ұстау, сондай-ақ хабарсыз кеткендердің жүрген жерін анықтау мақсатында

  • 1 Қараша 2012
  • 462
Фото - Caravan.kz

2012 жылғы 17-19 қазан аралығында Достастық елдерінің құқық қорғау органдарымен бірге «Іздестіру» операциясы өткізілді.

ҚР ІІМ мәліметтеріне қарағанда, операция барысында 313 қылмыскер анықталып, ұсталды, оның ішінде өткен жылдары іздеуге жарияланған 44 адам және ТМД елдері іздеуге жариялаған 68-і құрықталды.

Мысалы, Калининград қаласында 43 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды, ол Алматы қаласының тұрғынын өлтіргені үшін 17 жылдан астам уақыт іздеуде болған. Қылмыскер Ресей азаматының атына берілген құжаттармен ұзақ уақыт жасырынып жүрген.

Бұдан бөлек, Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД қызметкерлері адам өлтіруге оқталғаны үшін Ташкент облысының ІІБ мемлекетаралық іздеуге жариялаған екі шетелдік азаматты ұстап, қамауға алды. Сондай-ақ Шымкент қаласының аумағында іздеуде болған 25 жастағы адам ұсталды, ол бір топ адаммен Сарыағаш ауданының Көктерек кентінде қарақшылық шабуыл жасап, күш қолданумен жергілікті тұрғынның жеке мүлкі мен ақшалай қаражатын иеленген.

Қазіргі уақытта Достастық елдерінде анықталған және ұсталған іздестірудегі қылмыскерлерге қатысты экстрадициялық материалдарды дайындау бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Жасырынған адамдарды іздестіру бойынша жұмыс жалғастырылуда»,-делінген министрлік мәліметтерінде.