Адам өлтіріп, мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей азаматы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Адам өлтіріп, мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей азаматы ұсталды

Адам өлтіріп, мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей азаматы ұсталды

Петропавл стансасындағы  ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері 14 қазан күні «Іздестіру» жедел алдын-алу шарасы  барысында 2014 жылдың 10 қазанынан бастап  РФ ҚК-нің  105-бабы 1-бөлімі (адам өлтіру) бойынша мемлекетаралық  іздеуде жүрген  51 жастағы Ресей азаматын ұстады.

  • 15 Қазан 2014
  • 380
Фото - Caravan.kz

Қазір күдікті Петропавл қаласындағы ішкі істер басқармасының уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Айта кетсек, 14-15 қазан аралығында Көліктегі ішкі істер департаментінің қызмет көрсету аумағында мемлекетаралық «Іздестіру» жедел алдын алу шарасы өтуде. Алғашқы күннің қорытындысы бойынша іздеуде жүрген 7 қылмыскер ұсталды.

Көліктегі ІІД-нің Криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі  Дәулет Мақсұтовтың айтуынша,  «Іздестіру» жедел алдын алу шарасының негізгі мақсаты — республиканың түкпір-түкпірінде  жасырынған мекенжайы белгісіз, ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған  қылмыскерлерді  ұстау.

Жалпы, жыл басынан бері көлік полицейлері 81 қылмыскерге іздеу жариялаған. Бүгінгі таңда оның 4-уі қолға түсті. Шараның алғашқы күнінде белгісіз кеткен жеті адамның 5-уі  табылып, үйлеріне оралды.


Мемлекетаралық әріптестік қарым-қатынас нәтижесінде ТМД елдері ішкі істер органдарымен  11 іздеудегі қылмыскер құрықталды.

Биылғы жылы Көліктегі ІІД-нің  қылмыстық іздестіру полицейлері Украина мен Ресей Федерациясында 3 рет іссапарда болып, ұзақ уақыт іздеу жүрген 4 қылмыскерді ұстады, деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.