Адам өмірін ұзартуға арналған «Нәр» симбиотикалық биоөнімінің дәмі татылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Адам өмірін ұзартуға арналған «Нәр» симбиотикалық биоөнімінің дәмі татылды

Адам өмірін ұзартуға арналған «Нәр» симбиотикалық биоөнімінің дәмі татылды

Бүгін Бүгін елордадағы Назарбаев университетінде өтіп жатқан «Регенерациялық медицина мен сапалы ұзақ өмір сүру» атты екінші халықаралық ғылыми конференция барысында қонақтар мен қатысушыларға «Нәр» симбиотикалық биоөнімнің дәмін таттырады.

  • 1 Қараша 2012
  • 548
Фото - Caravan.kz

Бұл өнімді аталған университеттің Өмір туралы ғылымдар орталығы әзірлеген болатын. Ол адамның денсаулығын жақсарту арқылы өмірін ұзартуға бағытталған.

«Бүгін көптеген сауалдар «Нәр» биоөніміне қатысты туындады. Ия, осындай биоөнім бізде жасалды. Ол зертханалық сынақтан өтті. Қазіргі уақытта клиникалық сынаудан өтуде. Дегенмен, мен бір ғана биоөнім ұзақ өмір сүру мәселесінің шешім болып табыламайтындығын баса айтқым келеді. Бұл ең біріншіден денсаулық сапасын жақсартуға бағытталған. Ал денсаулық ұзақ өмір сүру кепілі», — деді БАҚ өкілдеріне аталған орталықтың бас директоры Жақсыбай Жұмаділов.

Соңғы жаңалықтар