Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров мүгедектігі бар әйелдер ұйымдарының басшыларымен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров мүгедектігі бар әйелдер ұйымдарының басшыларымен кездесті

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров мүгедектігі бар әйелдер ұйымдарының басшыларымен кездесті

Бүгін мүгедектігі бар әйелдер ұйымдарының басшыларымен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровтің кездесуі өтті.

  • 7 Қараша 2012
  • 386
Фото - Caravan.kz

Жүздесу барысында Мемлекет басшысының «Қазақстан әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру тұрғысынан мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау мен қамтамасыз етуге байланысты мәселелер кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі.

«Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау мен көтермелеу Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің маңызды бағыттарының бірі»,- деп айтып өткен А. Шәкіров әңгімелесушілерге мекеменің осы бағытта өткізілетін жұмысы туралы кеңінен хабардар етті. Мысалы, мүмкіншілігі шектеулі адамдардың құқықтары сақтау мәселелері Мемлекет басшысының атына жолданатын Уәкілдің жыл сайынғы есебінде белгіленеді. Институционалдық мекемелерді мониторингтеудің қамтуы кең, осы салада сараптамалық жұмыс өткізіліп жатыр. Ағымдағы жылы еліміздегі мүмкіншілігі шектеулі адамдардың құқықтарын сақтауға байланысты қарсы шығуларға назар аударатын ұсыныстар орталық мемлекеттік органдарға жіберілген.

Соңғы жаңалықтар