"Адам құрлы көрмейді": Алматыда "Ақсай нан" жұмысшылары наразылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Адам құрлы көрмейді": Алматыда "Ақсай нан" жұмысшылары наразылық білдірді

"Адам құрлы көрмейді": Алматыда "Ақсай нан" жұмысшылары наразылық білдірді

Күні кеше Алматы қаласындағы ең ірі «Ақсай нан» зауытының жүргізушілері жұмысқа шықпаймыз деп наразылық білдірді.

  • 24 Қазан 2019
  • 64
Фото - Caravan.kz

Комбинат пісірген нанды көлікке тиеп сауда орындарына тарататын жүргізушілер мардымсыз еңбекақыға көңілдері толмайтынын, жұмыстың ауырлығын айтып басшыларға талай шағымдандық дейді. Алайда зауыт басшылары ұнамаса жұмыстан шығыңдар деп шығарып салды, деп ашуланды жұмысшылар.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Алматы халқына нан таситын қызметкерлер бір адамның 4-5 адамның жұмысын істеп, мардымсыз жалақы алатынын айтады. Бұған дейін бірнеше рет талап қойған олар «шыдамымыз таусылды» деп ашуланды. Үй көрмей, дүкендерге нан таратамыз деген жүргізушілердің дені денсаулығымыз сыр бере бастады, дейді.

«Кішкене өзгеріс болсын деп сұрасақ: «Жұмыс ауыр болса, барып арақ-шарап тасы», — деп жауапсыз шығарып салды. Енді жұмысқа шықпаймыз деп тұрмыз. Өзгерістер болады деп тұр. Бірақ бізге неше рет уәде берді, жалықтық», — дейді «Ақсай нан» жүргізушісі Үсен Мақұлбеков. 

«Бізді адам құрлы көрмейді. Біздің маңдай терімізді білмейді. Жанымызда 1-2 сағат жүріп көрсінші. Олар шыдамайды. Мен артық ештеңе сұрап тұрған жоқпын. Тек өз еңбегімді сұраймын», — дейді жүргізушілердің бірі Руслан Ысқақов.

Зауытқа тиесілі бір көлік 1,5 тонна нан таратады екен. Жүргізушінің сөзінше, бүгін 42 дүкенге нан таратқан. Ал зауытта осындай 200-ге жуық жүргізуші бар.


Бас-аяғы 150 тоннаға жуық нан тарататын жүргізушілер айына орташа есеппен 120-130 мың теңге жалақы алады екен. Тіпті, олар жалақыны төлем картасымен емес, қолма-қол аламыз деп, «Ақсай нанға» қаржылық тексеру жүргізілгенін қалайды. Ал 200 жүргізушінің басшысы жиналғандардың талабын қалыпты құбылыстай көреді. Зауытта артық ақша жоқ, дейді.

«Адам баласы болған соң, әлбетте көп алғысы келеді. Алайда бізде айлық қоры бар. Одан асып кету мүмкін емес», — дейді «Ақсай нан» комбинатының көлік бөлімінің басшысы Асхат Биахметұлы.

«Ақсай нан» директорының орынбасары жүргізушілердің жалақысы 160 мың теңге дегенде, жиналғандар шулап қоя берді. Тіпті қағаздарын көрсетіп, 16 тәулікке 113 мың теңге алғандарын айтты. Басшы нан бағасының арзан болуы жалақыны өсіруге мүмкіндік бермейді деп ақталды.