Адам терісінен жасалған портмоне Маңғыстау мұражайында тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Адам терісінен жасалған портмоне Маңғыстау мұражайында тұр

Адам терісінен жасалған портмоне Маңғыстау мұражайында тұр

Ұлы Отан соғысы жылдары лагерьлерде түрлі азаптаулардан, ауру-сырқаудан, аштықтан көз жұмғандардың шаштары мен терілерінен әйелдерге арналған биік өкшелі туфли, сөмкелер дайындалғаны туралы деректерді де әр жерден көзіміз шалып қалып жүр. Сөйтсек, Ұлы Отан соғысы жылдарында адам терісінен, дәлірек айтсақ, жауынгер терісінен тігілген бұйымның бірі Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында сақтаулы екен, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.

  • 10 Сәуiр 2014
  • 427
Фото - Caravan.kz


«1995 жылы Жеңіс мерекесінің 50 жылдығына орай мұражайда арнайы көрме өткізген едік. Көрмені тамашалауға келген көрермендер арасынан Ақтау қаласының тұрғыны Лесицын өзінде адам терісінен жасалған портмоне бар екендігін айтып, арада көп уақыт өтпей мұражайға әкеліп тапсырды», — дейді Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қор бөлімінің бас қор сақтаушысы Жадыра Кетеева.

Тігінен ашылатын портмоненің ені 10 см., ал ұзындығы 15,5 см. екен. Дизайны сол кездің өлшемімен алғанда тәп-тәуір — іші төрт бөліктен тұрады. Бір бетінде қалташа бөліктерді бекітетін арнайы белдігі де бар. Ішкі бетін, яғни портмоне астарын матамен ызған.

Бұл — соғыс жылдарындағы атыс-шабыс былай тұрсын, адами құндылықтарды, ар-иман атаулыны жиып тастап, адамды айуандықпен жазалағандығының бір дәлелі. Атасын, әкесін, бауырын жоғалтып қанша жан «аһ» ұрды, қанша ана ұлын күтумен өтті өмірден, қанша ұрпақ хабарсыз кеткен бабалар туралы бір дерек табылар ма екен деп әлі де ғаламтор сайттарына үңілуде. Ал, сүйегі өртеліп, сыпырылған терісі бұйымға айналған бейбақ кім екен?! Бұл — соғыстың ашылмайтын мәңгі жұмбағы…

Перейти к новостям спорта