Жарияланды: 80

Адам жегіш мысықтар пайда болды

Адам жегіш мысықтар пайда болды Сурет - Almaty.tv

Америкалық ғалымдар адам етіне құмарта бастаған қаңғыбас мысықтарды бақылауға алыпты, деп хабарлайды Lenta.ru.

Колорадо штатындағы жерленбей қалған мүрделерді апарып тастайтын қоқысқа ғалымдар арнайы бейнебақылау камераларын орнатқан. Әзірге оған екі мысық іліккен. Оның бірі ең алғаш 2017жылдың соңында өлген бір адамның денесін жеп дәмін алған соң 35 күн бойы әр түн сайын соған қайта оралып отырған. Ал араға біршама ай салып сол аумақта екіншісі пайда болып,  сосын екеуі тағы бір мүрдені тауып, бірнеше түн сонымен қоректеніп отырған.

«Олар негізі қарындары ашқан соң тамақ іздеп шыққан, нәтижесінде іздегендерін адам етінен тапты», - дейді зерттеу полигонының лабораториялық менеджері Александр Смит (Alexander Smith).

Бақылау нәтижелері Journal of Forensic Sciences-те жарық көрген ғылыми жұмыста баяндалған.

Полигон аумағын үш метрлі қақпа қоршап тұр, оның іргетасы 70 см тереңде жатыр. Алайда мысықтар мен жыландар оған өрмелеп шығып кеткен. Қоқыста сондай-ақ қаңғыбас иттер де жүрген, бірақ бір қызығы, олар адам етіне тіпті жақындамаған да.

2017 жылы австралиялық Фрэнк Скотт өзі қайтыс болған соң денесін зерттеу полигонына беруге өсиет қалдырған. Ол өзін ғылымның қажетіне құрбан еткісі келіпті, себебі дәрігерлер оны бір емес, бірнеше мәрте ажал аузынан арашалап қалса керек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін