Адамдар пәтерлерінен шыға алмаған: Астанадағы ірі өрттің мән-жайы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Адамдар пәтерлерінен шыға алмаған: Астанадағы ірі өрттің мән-жайы

Адамдар пәтерлерінен шыға алмаған: Астанадағы ірі өрттің мән-жайы

Ер мен әйел, үш және бір жастағы екі балаға иіс тиіп, уланып қалған.

  • 1 Наурыз 2019
  • 23
Фото - Caravan.kz

Астананың құтқарушылары "Камал-4" жеке тұрғын үйінен шыққан ірі өрттің мән-жайы туралы айтты.

Елордалық құтқарушылардың сөзіне сүйенсек, Бұхар жырау көшесіндегі сегіз қабатты тұрғын үй кешенінен өрт шыққаны туралы хабар бейсенбі күні 22.18-де түскен. Ведомство атап өткендей, төртінші қабаттағы пәтерде өрт шығыпты – өртену аумағы 15 шаршы метр болған: балкон мен жатын бөлемесінде жиһаз, кеңсе техникасы, балконның жылытқышы, киім-кешек жанып кетті.

Подъездерді түтін басып, тұрғындар пәтерлерінен өз бетінен шыға алмапты.

Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар адамдарды автобаспалдақпен түсіре бастады. Барлығы 25 адам құтқарылған, олардың 10-ы — балалар.


Өрт 22:58-де сөндірілді. Бастапқы себебі – электр желісінің қысқа тұйықталуы.

Өрт салдарынан 1980 және 1989 жылдары туған екі ер адам, 1989 жылы туған әйел, 2016 және 2018 жылдары туған екі бала зардап шекті. Олардың әрқайсысы әр отбасыдан. Зардап шеккендерге жеңіл және орташа деңгейде иіс тиіп, Астананың №1 қалалық және №1 қалалық балалар ауруханаларына жатқызылды.

Соңғы жаңалықтар